Код презентации скопируйте его
«Мектеп мәдениеті» түсінігі педагогикалық менеджментте мектеп ұжымындағы әдет- ғұрып, салт- дәстүр, ұстаным, адам бойындағы құндылықтарының жиынтығы және білім беру мекемесіндегі өзара қарым –қатынас, әдеп нормаларын анықтайтын бірден - бір құрал. (М.М.Поташник, А.М.Моисеев)
Мектеп мәдениеті - бұл ұжым мүшелерінің қабылдаған рухани , мәдени құндылықтардың жүйесі. Бұл өз ретінде ұжым мүшелерінің ойлауындағы, сезімдеріндегі, іс – әрекетеріндегі негізгі ұстаным, бағдар беруші және жол сілтеуші, нәтижесінде мектеп ұжымында қалыптасқан ынтымақтастық орта және жағымды психологиялық ахуал.
Мектепішілік мәдениет жүйесі Мектеп миссиясы : тұрғындардың білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру Мақсаты : - Мәдениетті, өзін- өзі бағалай алатын, өз пікірін дәлелдей алатын, рухани және физикалық тұрғыда қалыптасқан , еркін жеке тұлғаның дамуы мен өмірде өз орнын табуға ықпал ету. Мұғалімдердің әдеп кодексі : 1. Мектепке деген көзқарас 2. Оқушыға деген көзқарас 3. Әріптесіне деген көзқарас 4.Жұмысқа деген көзқарас 5.Өзіне деген көзқарас