Код презентации скопируйте его
Сутек Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық кестесінде бірінші орында тұр. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Химиялық таңбасы “Н”, ол “аш” деп оқылады. Салыстырмалы атомдық массасы 1,008. Жай зат түзетін газ күйіндегі сутек – екі атомнан тұратын молекуладан Н2 құралады. Сутек молекулалары бір-біріне әлсіз тартылады, сондықтан қалыпты жағдайда газ. Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз. Сутек ең жеңіл газ болғандықтан, ғарыш кеңістігінде көп тараған. Күн жүйесі планеталарының 92%-ін сутек атомы құрайды. Сутекті отын ретінде пайдаланған тиімді. Әзірше сутекті көп мөлшерде өндіруге болатын шикізаттар – метан мен суды айыру қымбатқа түсіп отыр. Келешекте автомобильдерді сутек отыны көмегімен жүргізуді дамыту көзделуде.
Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді, көп тараған қосылысы-су. Судағы сутектің массалық үлесі 11% пайыз. Сонымен қатар сутек табиғатта қосылыстар құрамында кездеседі
Сутектің физикалық қасиеттері: Сутек – иіссіз, түссіз газ. Барлық газ күйіндегі заттардың ішіндегі ең жеңілі – сутек. Ол суда аз ериді. Жылу өткізгіштігі өте жоғары. Зонд шарларын сутекпен толтырып, аспанға ұшырып, метеорологиялық мақсаттағы жұмыстар жүргізіледі.
1776 жылы сутекті Г.Кавендиш алды. Француз ғалымы А. Лавуазье сутектің жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді. Генри Кавендиш Антуан Лавуазье
Өнеркәсіпте алынуы Жер бетінде су кең тарағандықтан өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі – суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады. 2H 2O = 2H2 + O2 CH4 + 2H2O = CO2 + 4H2 -165 кДж
Зертханада алынуы Сынауыққа 1-2 түйір мырыш салып, үстіне сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылын құяды. Реакцияның жүре бастағанын сұйықтың бетінде газ көпіршіктерінің пайда болуынан байқауға болады. Ол – сутек газы. Zn + H 2SO4 = ZnSO4+ H2