Код презентации скопируйте его
    
    1.Қанатсыз құс маңып барады, Көзінен жас тамып барады. 2. Ашуланып бұрқиды, Ашущаң ақымақ, Аузы көпіріп құтырады, кез келгенді ұшырады. 3. Аумаған қар, жаумаған қар, таңертен бар, сәскеде жоқ. 4. Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті.
    
    5. Көк жүзінде көп жолақ, Қойды екен оны кім бояп? 6. Мөлдір моншақ, Өзі жұмсақ. 7. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп тұрмайсың. 8. Қаһарын тіге келеді, Төріне шыға келеді.
    
    Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді? Белгілі жағдайда су буларының сұйық күйге айналуын не деп атайды? Желдің жылдамдығы мен бағытын қандай құралмен өлшейді? Ауа райының негізгі элементтері? Жер шарындағы ауа массаларының негізгі типтері? Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін құрал? Жауын–шашынды қандай өлшем бірлігімен есептейді? Атмосфера қабаттары? Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ? Пішініне қарай бұлттын қанша түрі ажыратылады?
    
    Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биосфера тірі ағзалар мекендеп, өзгерткен жер қабығы екендігін түсіндіру; Ойындар арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, логикасын дамыту; Табиғатты қорғауға, жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасауға баулу.
    
    “ Ой шақыру” сұрақтары НЕ? Қалай? Қандай? Биосфера Биосфераның Биосфера дегеніміз не? құрамы мен қандай құрылысы бөлімдерден қалай өзгереді? тұрады?
    
    Биосфера Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді. Биосфераның бөлімдері: Гидросфера Литосфера Атмосфера  
    
    Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 -дан – 50 -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
    
    АТМОСФЕРА  Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (21 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (78%), 1 % басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен – тропосфера, стротосфера және қабатардан жоғ. қабаттардан тұрады.
    
    Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км. Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базальттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады.
    
    Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде екі үлкен топқа бөлінеді: флора мен фауна. Жер шарының биомассасының жалпы салмағы Жердің биомасса материктер мен мұхитарда да біркелкі таралмаған материкердегі биомасса мөлшері дүниежүзілік мұхиттағы биомассадан 800 еседен көп.
    
    Жерде тірі ағзаның 3 млн астам түрі бар. Тірі ағзалар бөлінеді: өсімдіктер әлемі; жануарлар әлемі; саңырауқұлақтар әлемі; бактериялар әлемі.
    
    Биологиялық айналым Тірі организмдер жер шарындағы биологиялық зат және энергия айналымын жүзеге асырады. Тірі ағзалардың басты ерекшелігі – көбейгіштігі. Тірі ағзаның тамаша бір қасиеті- тіршілік жағдайына икемділігі. Ағзалар бір – бірімен тығыз байланысты. Белгілі бір ортаға шоғырланған ағзалар тіршілік бірлестігін құрайды. Жануарлар, өсімдіктер мен майда ағзалар дың бірлестігін биоценоз деп атаймыз. Биоценоз- ( гр. био- тіршілік, ценоз – ортақ)
    
    Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі ағзадағыдан әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикідей жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле берді.
    
    Биосфераға кесірін тигізетін 9 себеп бар: Зауыттардың қалдығы; Мұнайдың теңізге төгілуі; Атом бомбалардың сынағы; Көлдерге кір судың қосылып кетуі; Зауыттардың түтіні; Орманды кесу; Өзендерді басқа жаққа бұрып әкету; Табиғаттың зіл-залалары; Атом электр станцияларының радиациялары.
    
    Биосфераны қорғау проблемалары. Адамзаттың саналы қоғамы қалыптаса бастаған кезден бастап – ақ адам мен табиғат арасындағы неғұрлым тиімді қарым – қатынасты қалыптастыру мәселесі қолға алынып келеді. 1948 жылы Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы құрылды. ЮНЕСКО бағдарламасы ішінде маңыздысы – биосфералық қорықтардың үлесін арттыру. Бүгінгі таңда Жер шарындағы 70-тен астам елде 300-ге жуық биосфералық қорықтар құрылған.  Бүгінгі таңда Жер шарының 4 млн км 2- ден асам жері ерекше қорғауға алынған, оларды қорықтар деп атайды. Табиғи ескерткіштеріне - ғылыми, тарихи, мәдени – эстетикалық мәні зор табиғат объектілері жатады. Алғаш бұл ұғымды неміс жаратылыс зерттеушісі А.Гумбольдт енгізген. Біздің еліміздегі табиғат ескерткіштері көптеп кездеседі. Ең әйгілілері: Шарын, Әнші құм, Жұмбақтас, Таңбалы тас т.б. Қорықтар дегеніміз – жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға алу.
    
    Биосфера дегеніміз не? Биосфера мен адамзаттың байланысы? Биосфералық айналым дегеніміз не?