Дәріс жоспары Кіші қан айналым шеңберінің веналары. Жоғарғы қуыс венасы. Төменгі қуыс венасы. Қақпа венасы.
Cлайд 3
МИ САУЫТЫНЫҢ ІШІНДЕГІ ЖӘНЕ СЫРТЫНДАҒЫ ОҢ ЖАҚ ВЕНАЛАР МИ САУЫТЫНЫҢ ІШІНДЕГІ ЖӘНЕ СЫРТЫНДАҒЫ СОЛ ЖАҚ ВЕНАЛАР ОҢ МОЙЫНТҰРАҚ ВЕНАСЫ (V. JGULARIS INTERNA) СОЛ МОЙЫНТҰРАҚ СЫ (V. JGULARIS INTERNA) Оң иық бас венасы (v. brachiocephalica dexter) Сол иық бас венасы (v. brachiocephalica sinister) Оң бұғана асты венасы (v. subclavia dexter) Сол бұғана асты венасы (v. subclavia sinister) Жоғарғы қуыс венасы (v. cava superior) КЕУДЕ ҚУЫСЫНДАҒЫ МҮШЕЛЕР МЕН ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ ВЕНАЛАРЫ ОҢ ҚОЛДЫҢ БЕТКЕЙДЕГІ ЖӘНЕ ТЕРЕҢДЕГІ ВЕНАЛАРЫ СОЛ ҚОЛДЫҢ БЕТКЕЙДЕГІ ЖӘНЕ ТЕРЕҢДЕГІ ВЕНАЛАРЫ ОҢ ЖҮРЕКШЕ (atrium dextrum)
Cлайд 4
1 — алдыңғы мойынтұрық венасы; 2 — сыртқы мойынтұрық венасы; 3 — жауырын үсті вена сы; 4 —ішкі мойынтұрық венасы; 5 — мойынтұрық доғасы; 6 — иық-бас венасы; 7 — бұғана асты венасы; 8 — қолтық асты венасы; 9 — қолқа доғасы; 10 — жоғарғы қуыс венасы; 11 — негізгі вена; 12 — сол жүрекше; 13 — оң жүрекше; 14 — басты вена; 15 — иық венасы; 16 — артқы қабырғааралық веналар 17 — бүйрек венасы; 18 — ен веналары; 19 — оң жақ өрлеме бел венасы; 20 — бел веналары; 21 — төменгі қуыс вена ; 22 — сегізкөздің ортаңғы венасы; 23 — жалпы мықын венасы; 24 — сегізкөздің латераль венасы; 25 — ішкі мықын венасы; 26 — сыртқы мықын венасы; 27 — құрсақ үчті беткі венасы; 28 — сыртқы жыныс венасы; 29 — тері асты үлкен венасы; 30 — сан венасы; 31 — санның терңдегі венасы; 32 — жапқыш вена ЖОҒАРҒЫ ЖӘНЕ ТӨМЕНГІ ҚУЫС ВЕНАЛАРЫ
Cлайд 5
ОҢ ЖҮРЕКШЕ (atrium dextrum) ТӨМЕНГІ ҚУЫС ВЕНА (v. cava infеrior) БЕЛ ВЕНАЛАРЫ (v.v. lumbaes) БАУЫР ВЕНАЛАРЫ БАУЫР ҚАҚПА ВЕНАСЫ (v. portae) ОҢ ЖАҚ ЖАЛПЫ МЫҚЫН ВЕНАСЫ (v. iliaca communis dеxter) ОҢ ЖАҚ СЫРТҚЫ МЫҚЫН ВЕНАСЫ (v. iliaca externa) ОҢ ЖАҚ ІШКІ МЫҚЫН ВЕНАСЫ (v. iliaca іпterna) ОҢ АЯҚ ВЕНАЛАРЫ КӨКЕТ ВЕНАЛАРЫ (v.v. phrenicae inferiores) БҮЙРЕК ҮСТІ ВЕНАЛАРЫ (v.v. suprarenalis) БҮЙРЕК ВЕНАЛАРЫ (v.v. renalis) ЕН ЖӘНЕ АНАЛЫҚ БЕЗ ВЕНАЛАРЫ СОЛ ЖАҚ ЖАЛПЫ МЫҚЫН ВЕНАСЫ (v. iliaca communis sinister) СОЛ ЖАҚ ІШКІ МЫҚЫН ВЕНАСЫ (v. iliaca interna) СОЛ ЖАҚ СЫРТҚЫ МЫҚЫН ВЕНАСЫ (v. iliaca externa) СОЛ АЯҚ ВЕНАЛАРЫ
Cлайд 6
1 — ұялы (саңлақ) зат веналары; 2 —үстіңгі сагиттальді қойнау; 3 — ми веналары; 4 — төменгі сагиттальді қойнау; 5 — тік қойнау; 6 — үңгірлі қойнау; 7 — көз венасы; 8 — тастайдың жоғары қойнауы; 9 — көлденең қойнау; 10 — сигмоа қойнауы; 11 — артқы құлақ венасы; 12 — шүйденің өтім венасы; 13 — жұтқыншақ венасы; 14 — төменгі жақ венасы; 15 — тіл венасы; 16 — бет венасы; 17 —ішкі мойынтұрық венасы; 18 — алдыңғы мойынтұрық венасы; 19 — жоғарғы қалқанша венасы; 20 — сыртұқы мойынтұрық венасы; 21 — жауырын үсті венасы; 22 — иық – бас сабауы ; 23 — жоғарғы қуыс вена Бас пен мойын веналары
Cлайд 7
Жoғарғы қуыс вeна жүйeсі Vena cava superіor – жoғарғы қуыс вeна жoғарылаған қoлқаның oң жағы мeн сәл артына таман oрналасқан жуан (2,5 см шамасында), бірақ қысқа (5-6 см) сабау. Жoғарғы қуыс вeна І oң жақ қабырғаның төспeн қoсылатын жeріндe vv. brachіocephalіcae dextra et sіnіstra-лардың қoсылуынан пайда бoлады. Oл бұл жeрдeн төстің oң жақ жиeгін бoйлай бірінші жәнe eкінші қабырғааралықтардың артымeн жүріп ІІІ қабырғаның жoғарғы дeңгeйінe дeйін төмeн түсіп, жүрeктің oң жақ құлақшасы артында oрналасып, oң жақ жүрeкшeгe құяды. Бас пен мойын веналары ішкі мойынтұрық, сыртқы мойынтұрық және алдыңғы мойынтұрық веналарына құйылады. Ең негізгісі – ішкі мойынтұрық венасы (v. jgularis interna) – ми сауытынан қ.ж. Тармақтары: 1.Ми сауытының ішінлегі веналар: - Ми венасы Менингиал вена Ми сүйектерінің веналары Көз венасы 2.Ми сауытындағы веналар. Ішкі мойынтұрық венасына бет венасы, төменгі жақ асты венасы, жұтқыншақ венасы мен тіл венасы қосылады.
Cлайд 8
1 — сыртқы мойынтұрық венасы; 2 — жауырын үсті венасы; 3 — ішкі мойвынтұрық венасы; 4 — бұғана асты венасы; 5 — иық-бас сабауы; 6 — қолтықасты венасы; 7 — артқы қабырғааралық веналар; 8 — иық венасы; 9 — қар венасы; 10 — негізгі вена; 11 — шыбық венасы; 12 — шынтақ венасы; 13 — алақанның тереңдегі веноздық доғасы; 14 — алақанның беткейдегі веноздық доғасы; ; 15 — саусақ веналары Қол веналары
Cлайд 9
Қол веналары Қолдың беткейдегі веналары: Шеткі венасы – қолдың сырты мен алақаннан басталып, білеке өтеді, одан қолтық асты венасына қосылады Ішкі вена – саусақ торларынан, қолдың сыртынан басталып, шынтақ маңында қолдың алыңғы бетіне өтеді, шынтақ шұңқырында орталық венамен, ал кейін қар венасымен қосылады. Қолдың тереңдегі веналары : -Шынтақ венасы және шыбық венасы қосылып, иық веналары п.б. Иық веналары қолтық шұңқырына өтіп, қолтық асты венасына бірігеді. Қолтық асты венасы І-қабырғаны иіп өтіп, бұғананың астына бағытталып, бұғана асты венасы деп аталады. Бұғана асты венасы төс-бұғана буынының тұсында ішкі мойынтұрық венасымен қосылып, иық бас венасы п.б.
Cлайд 10
1 — төменгі қуыс вена; 2 — қақпа венасы мен жоғарғы қуыс вена тармақтарцның анастомозы; 3 — бауыр венасы; 4 — қақпа венасы; 5 — көкбауыр вена; 6 — жоғарғы шажырақай венасы; 7 — төменгі шажырақай венасы; 8 — жалпы мықын венасы; 9 — сыртқы мықын венасы; 10 —ішкі мықын вена; 11 — қақпа венасы мен төменгі қуыс вена тармақтарцның анастомозы Қақпа венасы мен төменгі қуыс вена
Cлайд 11
Төменгі қуыс вена (vena cava inferior) — вена қанын адамда дененің төменгі, ал жануарларда — артқы бөлігінен жинайды. Аталмыш вена 5-ші бел омыртқаның тұсынан басталады. Ол құрсақ қолқасының оң жағымен алдыңғы (адамда — жоғарғы) бағытта бауырға жетіп, оның доғал жиегінде вена батыңқысын қалдырады. Одан кейін, ол диафрагманың сіңірлі орталығындағы тесік арқылы көкірек қуысына өтіп, жүректің оң жүрекшесіне қүяды. Артқы қуыс венаны түзуге дененің артқы (төменгі) бөлігінен вена қанын жинайтын бірнеше веналар, атап айтқанда, жалпы мықын, ішкі мықын және сыртқы мықын веналары қатысады. Қақпа венасы (v.portae) ұйқы безінің басының артында жоғарғы, төменгі шажырақай веналарының , көкбауыр венасының қсылуынан п.б. Қақпа венасына асқазан, он екі елі ішек , ұйқы безінің , өт қуығының веналары келіп құяды. Кейін жоғары және оңға бағытталып, бауыр қақапасынан бауырға кіреді. Төменгі шажырақай венасы(v. mesenterica inferior) тік ішектің жоғарғы бөлігінен, қима тоқ ішектен, төменге бағытталған тоқ ішектен қ.ж. Жоғарғы шажырақай венасы (v. mesenterica superior) жіңішке ішектен, соқыр ішектен, тоқ ішектің көлденең , өрлеме бөліктерінен қ.ж. Көкбауыр венасы (v.lienalis) көкбауырдан, асқазаннан ,ұйқы безінен, он екі елі ішектен , үлкен шарбы майынан қ.ж.
Cлайд 12
Құрсақтағы нәрестенің қанайналыс шеңбері Құрсақтағы нәрестенің оттегі мен қоректік заттар ана қанынан плаценталық (бала жолдасы) қанайналыс көмегімен жеткізіледі. Ол былай іске асырылады. Оттегі және қоректік заттармен байыған артерия қаны ана қағанағынан кіндік венасына енеді, бұл вена кіндік аймағының нәресте денесіне кіріп жоғары жүреді де бауырға келіп, оның сол жақ бойлық жүлгесінде орналасады. Бауыр қақпасының деңгейінде v. Umbilicadis екі тармаққа бөлінеді, олардың біреуі бірден қақпа венасына құйылады, ал ductus venosus деп аталатын екіншісі, бауырдың бетімен оның артқы жиегіне дейін барып, сол жерде төменгі қуыс вена сабауына құйылады. Салыстыра алғанда бауырдың көлемінің үлкендеу болуы кіндік венасы тармағының біреуінің қақпа венасы арқылы бауырға таза артерия қанын жеткізуіне байланысты. Бұл соңғы жағдайда өсіп келе жатқан организм үшін бауырдың қан жасау қызметіне байланысты, бұл қызмет құрсақтағы нәрестеде басым болады да, туғаннан кейін әлсірейді. Қан бауыр арқылы өтіп, бауыр венералар арқылы төменгі қуыс венаға құйылады. Сөйтіп, барлық umbilicalis қаны не тікелей ductus venosus арқылы немесе жанама жолмен (бауыр арқылы) төменгі қуыс венаға келеді. Сол жерде құрсақтағы нәрестеге дененің төменгі жартысынан ағып шығатын вена қанына араласады. Аралас (артериялық және веналық) қан төменгі қуыс вена арқылы оң жақ жүрекше ағады. Одан төменгі қуыс вена қақпашасының – valvula venae cavae interioris – көмегімен жүрекшелер пердесінде орналасқан foramen ovale арқылы сол жақ жүрекшеге келеді. Аралас қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға, одан әрі жұмыс істемейтін өкпелік қанайналыс шеңберіне соқпастан, қолқаға келеді. Оң жақ жүрекшеге төменгі қуыс венадан басқа, тағы да жоғарғы қуыс вена және жүректің веналық (тәждік) қойнауы құйылады. Дененің жоғарғы жартысынан жоғарғы қуыс венаға келетін, вена қаны одан әрі оң жақ қарыншаға, одан өкпе сабауына келеді.
Cлайд 13
Cлайд 14
Алайда тыныс алу мүшесі ретінде өкпе әлі жұмыс істемейтіндіктен, қанның аз ғана бөлігі ғана өкпе паренхимасына, одан өкпе веналары арқылы сол жақ жүрекшеге келеді. Қанның көп бөлігі өкпе сабауынан ductus arteriosus арқылы төмендегі қолқаға, одан ішкі мүшелер мен аяқтарға ауысады. Құрсақтағы нәрестенің тамырлары арқылы аралас қан аққанымен, v.umbilicalis және төменгі қуыс венаға құйылғанға дейінгі ductus venosus-ті қоспағанда, ductus arteriosus құятын жерден төмен оның сапасы едәуір төмендейді. Демек, дененің жоғарғы бөлігі (бас) оттегі мен қоректік заттары молдау қан алады. Дененің төменгі бөлігі жоғарғы бөлігіне қарағанда нашарлау қоректенеді.Жаңа туған нәрестенің жамбасы мен аяқтарының кішірек болуы осыған байланысты. Құрсақтағы нәрестенің дүниеге келуі организм дамуындағы секіріс болып табылады. Бұл кезде өмірлік маңызды процестер түбегейлі сапалық тұрғыдан өзгеріске ұшырайды.Іште дамып келе жатқан нәресте бір ортадан (температура, ылғалдық және тағы басқа жағдайлары біршама тұрақты жатыр қуысы) басқа ортаға (жағдайлары өзгермелі сыртқы орта) ауысады да, соның нәтижесінде зат алмасуы, сондай - ақ қоректену және тыныс алу тәсілдері түбегейлі өзгереді. Бұрын қан арқылы алынатын қоректік заттардың орнына, енді тамақ ас қорыту жолына түсіп, сол жерде қорытылып, сіңіріледі. Ал оттегі енді анасының қанынан емес тыныс алу мүшелерінің іске қосылуы нәтижесінде сыртқы аудан келе бастайды. Мұны барлығы қан айналысына да әсерін тигізеді. Нәресте туған кезде күрт планценталық қанайналыстан өкпелік қанайналысқа көшу іске асады. Ең бірінші ауа жұтып, өкпе созылған кезде оның тамырлары қатты кеңейіп, қанға толады. Сол кезде ductus arteriosus қабысып, алғашқы 8-10 күнде бітеліп lig. Arteriosum-ға айналады. Кіндік артериялары алғашқы 2-3 күнде, кіндік венасы сәл кештеу (6-7 күнде) бітіп кетеді. Қанның оң жақ жүрекшеден сол жақ жүрекшеге сопақ тесік арқылы келуі туысымен дереу тоқталады, өйткені сол жақ жүрекше өкпеден келетін қанмен толады да, оң және сол жақ құлақшалардың қан қысымындағы айырмашылық теңеледі. Сопақ тесік ductus arteriosus – тың бітелуіне қарағанда едәуір кейіндеу жабылады және көбінесе тесік бір жасы бойы, ал үштен бір жағдайда өмір бойы сақталады.
Cлайд 15
1 — төменгі қуыс вена; 2 — жалпы мықын венасы; 3 — ішкі мықын венасы; 4 — сыртқы мықын венасы; 5 — беткейдегі құрсақ үсті венасы; 6 — мықын сүйегін ораушы беткейдегі; 7 — сыртқы жыныс веналары; 8 — санның тереңдегі венасы; 9 — сан венасы; 10 — тізе веналары; 11 — тақым вена; 12 — тері асты кіші веналары; 13 — алдыңғы үлкен сан веналары; 14 — артқы үлкен сан веналары; 15 — тері асты үлкен веналары; 16 — аяқ басының үстіңгі веналық доғасы; 17 — аяқ басының үстіңгі венасы; 18 — башпай веналары Аяқ веналары
Cлайд 16
Аяқ веналары - Аяқтың үлкен тері асты венасы – аяқтың үстіңгі бетінен басталып, балтыр мен санның ішкі бетімен жоғары көтеріліп, сан венасымен қосылады. - Аяқтың кіші теі асты венасы- аяқтың үстіңгі торларынан басталып, тобықты айналып, балтырдың артқы бетіне өтіп, тақым венасына қосылады. - Аяқтың тереңдегі веналары – одан балтырдың тереңдегі венасы п.б. Алдыңғы және артқы асықты жілік венасы тақым венасына, одан кейін сан венасына жалғасады. - Сан венасы – қанды санның тереңдегі венасына, ішкі және сыртқы сан сүйегінің веналарынан, жоғарғы баған үсті венасынан сыртқы жыныс веналарынан жинайды.
Cлайд 17
Білім деңгейін тексеруге арналған сұрақтар Кіші қанайналым шеңберінің веналары? Жоғарғы қуыс вена қандай веналардан пайда болады? Бас пен мойын веналары? Қол веналары? Кеуде қуысының веналарын ата. Төменгі қуыс вена қандай веналардан пайда болады? Қақпа венасының орналасқан жері? Қақпа венасы қандай мүшелерден қанды жинайды? Аяқ веналары?